«Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 307 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: